Бірқатар сарапшылар мен кәсіпкерлер және халықаралық мамандар елдегі бизнестің әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған коррупцияның етек жаюына оған қарсы күресетін заңның әлсіздігі басты себеп болса, оған қоса Қазақстан осы уақытқа дейін коррупциямен күрес жөніндегі халықаралық құжаттардың бірде-біреуіне қол қоймауы аталған саладағы жауапкершілікті жеңілдетіп отыр дейді. Яғни Қазақстанның коррупциямен күрес жүйесін және бұл тұрғыдағы заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкестендіріп қатаңдандыру қажет дейді олар.
Аталған мәселеге жіті зерттеу жүргізуге тырысқан сарапшылардың анықтауынша, коррупцияның барынша еркін тамыр жайған жері Қазақстанның кеден қызметі, ал одан кейінгі орындарды жол полициясы, ішкі істер органдары, салық қызметі және қаржы полициясы бөліседі екен. Ал енді осы коррупцияның бұл құқық қорғау, қаржы органдарына және сот жүйесіне дендеп енуінің негізгі себептері – ең алдымен, қоғамдық бақылаудың жоқтығы, жалақының төмендігі және кадр-мамандарды іріктеу тетіктерінің жетілмегендігі сынды жайттар дейді олар.
Сарапшылар сондай-ақ елдегі аталған індетке тосқауыл қояды деген “Коррупциямен күрес туралы” заңның қауқарсыз екенін айтады. Оның пәрменсіз болуының бір сыры осы уақытқа дейін Қазақстанның коррупциямен күрес жөніндегі халықаралық құжаттардың ешқайсысына қол қоймауында жатуы да мүмкін деген күдіктерін де білдірді. Еуропадағы Ынтымақтастық және Қауіпсіздік ұйымының Алматыдағы орталығының басшысы Ивар Викки бұл мәселеде халықаралық қауымдастыққа кірігу аса маңызды дейді.
Алайда ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік төрағасы Сарыбай Қалмырзаев іс жүзінде де, заң тұрғысынан да әлемдік тәжірибені игеруде тыс қалып жатқан жоқпыз дейді.
Ал кәсіпкер Абылайхан Саматдин бұл мәселеде коррупцияны ауыздықтайтын заңдарды қатайта түсу қажет дейді.
Дегенменде кәсіпкерлерді қолдайтын американдық “Прагма” жобасының сарапшысы Бекнұр Қисықов заң шығара бергеннен гөрі әсіресе кәсіпкерлер өз құқықтарын табанды түрде талап етсе әлдеқайда пайдалы болар еді дейді.
ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Сергей Жалыбин болса, БҰҰ-ның коррупцияға қарсы конвенциясы бойынша мемлекет адамның емес, адам мемлекеттің алдында өзінің таза екенін дәлелдеуі қажет. Яғни бұл оңтайлы әдіс дейді.
Сондай-ақ Сергей Жалыбин БҰҰ-ның коррупцияға қарсы конвенциясы сынды халықаралық құжаттарға қол қою Қазақстанның аталған мәселедегі жауапкершілігін күшейтіп, елдегі коррупцияны ауыздықтауға септесер еді дейді.