Украина президенттігінен үміткер бас министр Янукович алдағы жексенбіде болатын сайлаудың әділ өтетіндігіне сенбейді екен

Оның айтуынша, парламент қабылдаған жаңа сайлау, дауыс беру заңы бойынша, миллиондаған адам дауыс бере алмай қалуы мүмкін екен. Янукович олардың қатарына үйден шыға алмайтын науқас, мүгедектер, теміржолшылар, ұшқыштар, алыс жолдағы көлік жүргізушілерін қосады. Ал оппозициядан үміткер Ющенко өзінің науқандық теле мәлімдемесімен бүгін кешке әуеге шықпақ. Алғашқы кезде Януковичті қолдағын президент Путин сейсенбі күні енді Украина президенттігіне кім сайланса да бәрібір өзара қызметтес болуға әзірмін деді.