Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2005 жылы Алматы қаласы мен Ақтөбе облысы іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге біртіндеп көше бастайды. Ал Батыс Қазақстан облысының 20-дан астам мемлекеттік мекемесі іс-қағаздарын 1-ші қаңтардан бастап қазақшалауды жоспарлап отыр. Алайда, мамандардың айтуынша, мемлекеттік тілде жұмыс жасап жатқан облыстардың өзінде облысаралық деңгейдегі құжаттар алмасу кезінде қиындықтар туындап отыр, олар келген хаттарға орыс тілінде жауап беруге мәжбүр болуда.
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуде. ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары Шерубай Құрманбайұлының айтуынша, кестеге сәйкес алдағы уақытта Алматы және Ақтөбе облыстарын қазақшалату жоспарланып отыр. «Осы жылдың жаз айында біз Алматыда болып, қандай дайындықтары барлығын тексеріп қайттық. Қала, аудан басшылары жұмыс жасалып жатқандығын айтып, көшеміз деген уәделерін берді. Одан кейінгі кезекте тұрғаны Ақтөбе облысы. Содан соң Қарағанды, батыс Қазақстан облыстары тұр. Сөйтіп, жергілікті ұлт өкілдері аз тұратын облыстарды да алдағы уақытта көшіру жоспарлануда», - дейді.
Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Роза Сәрсенқызы «Біздің басқарма өткен қаңтар айында құрылған болатын. Содан бері сауалнама жүргізіп, байқап, қарап, көмек көрсетіп мемлекеттік мекемелерді дайындадық. Сондай-ақ, облыстағы Мәртөк, Қарғалы аудандарында қазақтар саны 52-56 пайыз ғана. Қазір солармен жұмыс жасап жатырмыз. Біз алғашқы уақытта мемлекеттік мекемелерді қазақ тіліне көшіріп алып, 2005 жылдың соңында облысты жаппай мемлекеттік тілде сөйлету туралы мәселе көтергелі отырмыз», - дейді.
Ал Батыс Қазақстан облысында 2005 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 24, ал 2006 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 61 мемлекеттік мекеме іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкелі отыр. Алайда, мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Шолпан Қыдырниязованың айтуынша, мемлекеттік тілге көшіру барысында қиындықтар да жоқ емес. «Оның ең басты қиындығы біздерге министрлік, басқа да жоғары жақтағы басшылардан қағаздар орыс тілінде келеді. Мемлекеттік тілге көшкен мекемелердің өзінде осылай», - деп отыр.
«2010 жылға дейін барлық облыстар іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшу керек. Алайда, жасап отырған мониторингімізге қарағанда, бұл мәселелерді жүзеге асыру барысында қиындықтар туындап отыр. Қазір негізінен мемлекеттік органдарға қазақ тілінде жауап беру керек. Бірақ, кей облыс басшыларының қазақ тілін түсінбеуінің өзі осыған әкеп тіреп отыр, әсіресе, есеп-қисап мәселесінде. Бұны айтып жатырмыз, десек те бұл процесс әлі тоқтамай отыр», - дейді тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы. Оның айтуынша, жергілікті ұлт өкілдері аз орналасқан облыстарда іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу 2010 жылға дейін жүзеге асатын болады. Солардың қатарындағы Қарағанды облысында «Қарқаралы, Шет, Ақтоғай, Ұлытау, Жаңаарқа аудандары 1997 жылдан бастап қазақиланған, қазір облыс әкімі отырыстарының барлығы қазақша жүргізіле бастады, сең қозғалды. Алғашқыда қиыншылық болды, қазақтың әдеби тілі ғана сақталған, жұмыс тілін қалай қалыптастырамыз деген сияқты сауалдар болды, қазір тәуба. Бүгінде облыс деңгейіндегі басшылардың өзі мінбеде қазақ тілінде есеп бере бастады», - дейді облыс әкімі аппаратының бас маманы Бақытқали Мұсабеков.
Бүгінгі таңда ұлттық кадрларды даярлауды білім саясатының өзегі етіп қоюымыз керек. Онсыз көтеріліп отырған мәселе толықтай шешімін табады деп айту қиын», - дейді тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы.