Батыс Жағалаудағы палестин азаматтары бүгін бейсенбіде жергілікті кеңестерге дауыс беруге кірісті

140 мыңнан астам сайлаушы 26 қала, қыстақта өздері қалаған кандидаттар үшін дауыс бермек. Бүгінгі сайлаулар Палестина еліндегі жергілікті әкімшілік үшін соңғы 30 жылда алғаш рет өткізіліп отырған сайлау. Бұл сайлау палестиналық Фатах партиясына үлкен сын болмақ. Себебі, Фатах партиясынан Махмуд Аббас алдағы қаңтарда өтетін сайлауда Палестина президенттігінен үміткерлердің бірі.