Тәуелсіз басылымдарда “Қазақгейт” тақырыбы сөз болыпты. Экс-премьер Әкежан Қажыгелдин таяуда Александр Машкевич жетекшілік ететін “Еуразиялық топ” өкілдерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штатындағы “Қазақгейт” сот процесіне байланысты оқиғаға араласып, оны шешіп беруге уәде бергендерін хабарлапты.
“Экспресс К” басылымының бұрынғы бас редакторы Игорь Шахнович болса, Александр Машкевичтің аталмыш басылымға ықпал жасап, “Казкоммерцбанкті” қаралайтын мақалаларды ұйымдастырғандығын мәлімдепті.
“Жұма таймс немесе Дата недели” апталығына берген сұхбаттарында саясаткер Сейдахмет Құттықадам мен саясаттанушы Нұрболат Масанов экс-премьер Әкежан Қажыгелдиннің Қазақстандағы демократиялық күштерді “Ақ жол” партиясының астына бірігуге шақырған үндеу-хатын өткен жылдың ең үлкен оқиғасы ретінде бағалапты. Саясаткер Сейдахмет Құттықадам осындай мағынадағы үндеу хатты жариялау арқылы экс-премьер Әкежан Қажыгелдин азаматтық танытып, өзінің ұстанамын байқатты деп есептейді. Сейдахмет Құттықадамның пікірінше, Әкежан Қажыгелдиннің “Ақ жолдың” ел ішіндегі беделін тап басып, қажет болса қатардағы сарбаз болуға дайын екендігін айтуы барлық оппозиция басшыларына үлгі боларлық қадам. “Бұл бәрімізге де үлгі боларлық қадам” дейді саясаткер Сейдахмет Құттықадам “Жұма таймс немесе Дата недели” апталығына берген сұхбатында.
“Жұма таймс немесе Дата недели” апталығы арқылы өткен жылдың оқиғаларын қорытындылыған саясаттанушы Нұрболат Масанов экс-премьер Әкежан Қажыгелдиннің барлық демократиялық күштерді “Ақ жол” партиясының астына бірігу туралы үндеуінің бүгінгі таңда аса актуалды мәселе емес екендігін атап өтіпті. Сондай-ақ саясаттанушы Нұрболат Масанов “Жұма таймс немесе Дата недели” апталығына берген сұхбатында экс-премьер Әкежан Қажыгелдинмен соңғы рет Лондонда кездескендігін, оның соңғы кездерде өзгере бастағандығын атап өтіпті. Нұрболат Масановтың айтуынша, дәл қазіргі кезде экс-премьер Әкежан Қажыгелдин Қазақстанның саяси өмірінде өз орнын тапқысы келіп отыр.
Ал, экс-премьер Әкежан Қажыгелдиннің өзі “Республика” басылымы арқылы көлемді сұхбат беріп, негізінен “Қазақгейт” мәселесіне байланысты өз көзқарасын білдіріпті. Әкежан Қажыгелдиннің айтуынша, 1997 жылы биліктен кетердің алдында оның алдында екі түрлі жол тұрған. Оның біріншісі Джеймс Гиффеннің арқасында Қазақстан байлығының тоналуына көз жұмып отыра беру, екіншісі, оған қарсылық білдіріп азаматтық көзқарасымды білдіру. Әкежан Қажыгелдин “Республика” басылымына берген сұхбатында екінші жолды таңдап, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа не Джеймс Гиффен немесе мені таңда деген сауал қойғандығын атап өтіпті. Әкежан Қажыгелдиннің айтуына қарағанда Нұрсұлтан Назарбаев сол жолы Джеймс Гиффенді таңдаған, алайда кейіннен ол таңдауы үшін қатты өкінген көрінеді. Сондай-ақ Әкежан Қажыгелдин Қазақстанның барлық байлығының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасының қолына қандай жолмен көшкендігіне байланысты да түсініктеме беріп өтіпті. Газет тілшісіне берген сұхбатында экс-премьер Әкежан Қажыгелдин таяуда Александр Машкевич жетекшілік ететін “Еуразиялық топ” өкілдерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штатындағы “Қазақгейт” сот процесіне байланысты оқиғаға араласып, оны шешіп беруге уәде бергендерін айта келіп, олардың бұл әрекеттерінен түк нәтиже шықпағандығына тоқталыпты. “Қазақстанмен салыстырғанда Батыста сот орындары тәуелсіз. Сондықтан да олардың жұмысына қысым жасау мүмкін емес, ал ондай әрекетке барған адамның өзі жауапқа тартылуы ықтимал” дейді экс-премьер Әкежан Қажыгелдин. “Республика” басылымына берген сұхбатында экс-премьер Әкежан Қажыгелдин “Қазақгейтке” сот процесіне міндетті түрде қатысатындығын және оған қатысуды азаматтық парызы деп санайтындығын білдіріпті. Әкежан Қажыгелдин осы сот процесінен кейін, шет елдік есеп-шоттарда қалып қойған ұрланған ақшаларды халыққа қайтару үшін бар күшін салатындығын да тілге тиек етіпті.
Журналист Шәріп Құрақбаев болса, “Сөз” газетінде жарық көрген “Александр Машкевич деген кім?” атты көлемді мақаласында Александр Машкевичтің билікке жасайтын ықпалының зор екендігін атап өтіпті.
Мақала авторының айтуынша, кезінде Ораз Жандосовтың Антмонополиялық агенттік төрағасы қызметінен түсуіне Александр Машкевичтің ықпалы зор болған. Сондай-ақ журналист Шәріп Құрақбаев өз мақаласында “Қазақгейт” оқиғасына байлынсты да өз ойын білдіріп, Джеймс Гиффеннің Американың барлау басқармасының тыңшысы бола тұрып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа миллиондаған доллар пара бергендігін айтып өтіпті.
Ал, “Мегаполис” апталығында жарық көрген “Экспресс К” басылымының бұрынғы бас редакторы Игорь Шахновичтің мақаласында Александр Машкевичтің осы басылымға ықпал жүргізіп отырғандығы айтылыпты. Игорь Шахновичтің айтуынша, Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі “Казкомерцбанкке” қатысты қаралау материалдарының бәрі де Александр Машкевичтің ұйымдастырылуымен жазылғандығын тілге тиек етіпті. Игорь Шахнович аталмыш басылымның бас редакторлығынан ақпараттық террормен айналысқысы келмегендіктен және газет қожайындарының лас ойын жүргізгендеріне көңілі толмағандықтан кеткендігін мәлімдепті.