Қазақстан үкіметі басшысы Даниял Ахметовтың осы жолғы Мәскеуге жасаған сапарының қортындысында Қазақстан мен Ресей екеуі Байқоңырда «Бәйтерек» зымыран ғарыштық кешен құрылысын бірлесіп салу туралы уағдаластыққа қол жеткізгенімен алайда қазақстандық алғашқы «ҚазСат» байланыс жер серігін құрастыру, жасау мәселесінде ортақ келісімге келе алмаған.
Бұл жөнінде Мәскеуде баспасөз мәслихатын өткізген Ресей үкіметінің басшысы Михайл Фрадков: Спутникка қатысты біздің тарапымыздан біраз мәселе шешілмей тұр. Әрине оны тез арада шешу керек екендігін ортақ келісімге келу қажет екенін түсінеміз деген.
Қазақстан үкіметі осы қазақстандық «Қаз Сат» байланыс жер серігін жасап, ғарышқа ұшыру мақсатына 70 милионнан астам доллардың қаржысын салуға дайын екендігін бұдан бұрын айтқан болатын.
Ал осы өзінің жеке байланыс жер серігі жоқтықтан Қазақстан өзге мемлекеттердің байланыс жер серіктерін жалға алғаны үшін жылына 40 миллион доллар төлейді екен.
Азаттық радиосына берген сұқбатында Қазақстанның Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, Байқоңыр ғарыш айлағы басқармасының бірінші бастығы Мейірбек Молдабеков «ҚазСат» байланыс серігіне қатысты мәселеде ешбір саяси астардың жоқ екендігін, бұл екі елдің президенттері ме үкіметтері арасында алдын ала келісілген мәселе екендігін айтады. Оның айтуынша осы жолы Мәскеуде қазақстандық байланыс серігін құрастыру мәселесіне байланысты ресей жағы өзінің кейбір нақты ой пікірлерін білдіре алмаған болу керек. Бұл техникалық мәселе, сондықтан да екі жақ бірер айдың ішінде бұл кедергіні арылтып, келісімге қол қоюлары тиісті болмақ. Ал екі жақ осы жолы Мәскеу кездесуінде Байқоңырда «Бәйтерек» зымыран ғарыштық кешенін бірігіп салу мәселесіне байланысты келісімге қол қойған. Қазақстан үкіметі бұл жобаға арнап 200 миллион доллардың қаржысын бөліп отырғаны белгілі.
М.Молдабековтың айтуынша «Бәйтерек» зымыран ғарыштық кешенін салу жұмысы алдағы жаңа жылдан басталып, төрт жылдың ішінде салынып дайын болмақшы. Бұл кешен салынып іске қосылуы арқылы Қазақстан ғарыштық салада өзінің жеке орны бар ел екендігін көрсете алмақшы дейді ол.