Астана абақтысында СПИД дертіне шалдыққан 13 жазасын өтеуші ешқандай емге қол жеткізе алмай отыр

  • Ескендір ЕРТАЙ
Қазақстан және Орта Азиядағы түрме реформасы жөніндегі ұйымның бас маманы Мәлік Әденовтің айтуынша, 1999 жылдан бері Қазақстанда түрме реформасы басталғалы бері жазасын өтеушілер саны 100 мыңнан 47 мыңға азайды. Қазақстан тұрмедегілер саны бойынша әлемдегі үшінші орыннан 19 орынға түсті. «Бірақ өкінішке орай әлеуметтік дерт болып саналатын туберкулез ауруынан айығу қиынға түсуде»,-дейді.

Астана қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бастығы, әділет полковнигі Мұқтарбек Ыбырайымның айтуына қарағанда жазасын өтеушілердің арасында ауру-сырқаулардың көбеюі олардың жұмыспен қамтылмауынан болып отыр.

Ал, Қазақстан және Орта Азиядағы түрме реформасы жөніндегі ұйымның бас маманы Мәлік Әденов жазасын өтеушілер орналасқан казармаларда қарапайым санитарлық гигиеналық жағдайдың сақталмайтындығын айтады.

Астана қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бас дәрігері Роза Тұманова болса, соңғы жылдары туберкулезге қарсы ДОЦ бағдарламасы бойынша кешенді жұмыстар атқарлса да одан түрмеде отырғандар тыс қалды. «Соның салдарынан соңғы бір жылдың өзінде туберкулезге шалдыққандар саны екі есеге артып кетті. Жыл ішінде 235 адам маскнемдік пен нашақор ретінде тіркелді»,-дейді.

Астана қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бастығы, әділет поковнигі Мұқтарбек Ыбырайым болса, қазір елорда маңындағы түрмелерде екі үш рет ауыр қылмыстар жасап сотталған үш мыңға жуық нашақорлар мен маскүнемдер отырғандығын айтады.»Олардың көпшілігі созылмалы аурулармен ауырады»-дейді.

Ал, Астана қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бас дәрігері Роза Тұманова болса, соңғы кездері туберкулезге қарсы күрес өрістемек түгілі қазір оған қосымша маскүнемдік, нашақорлық СПИД ауруының келіп қосылғандығын айтады.

«Қазақстанның Астанасында орналасқан үш абақтыда қазір СПИД ауруына шалдыққан 13 адам ешқандай ем алмай жатыр»,- дейді бас дәрігер Роза Тұманова.

Астана қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бастығы, әділет полковнигі Мұқтарбек Ыбырайымның айтуынша, жазасын өтеушілердің негізгі бөлігі қазақтың азаматтары.Ал, олардың орта білім алуына, кәсіби мамандыққа баулуға ешкім де көмектеспей отыр. «Астана әкімдігі мен білім беру басқармасына жазған хатымыз аяқсыз қалды.Толып жатқан қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер басшылары тек қана тексеруді біледі.Ал, шын мәнінде жаны ашып көмектескісі келетіндерді көріп отырған жоқпын»,- дейді Мұқтарбек Ыбырайым.