Желтоқсанның 29-ы күні Алматыда Орталық мұрағатта осы уақытқа дейін Қазақстаннан тыс жерлерде сақталған мұрағаттық құжаттардың көрмесі өтті. Келушілер назарына қазақ хандарының тарихына байланысты, қазақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасына байланысты құжаттар, ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы музыкалық жазбалар ұсынылды.
ҚР ақпарат және мұрағаттар комитетінің төрағасының орынбасары Рысты Сариева: “2001 жылдың маусымында Қазақстан үкіметінің арнайы қаулысымен мұрағат ісін дамыту туралы бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаға сәйкес ғалымдар мен мұрағат ісінің мамандарынан арнайы экпедиция жабдықталып, Египет, Араб, Түрік, Ресей, Өзбекстан елдеріне барып Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды зерттеді”, дейді:
-Осы бағдарлама қабылданғаннан кейін құр сөзден нақты іске көштік. Егеменді ел болғаннан кейін бар-жоғымызды түгендеуіміз керек. Кейбір Қазақстан тарихынан бейхабар басқа елдің зерттеушілері қазақ тарихы Кеңес Одағынан басталады дегенді айтады. Бұл пікірдің қате екендігі біз дәлелдеуіміз керек.
Рысты Сариеваның айтуынша, осы іссапардың нәтижесінде ХІІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихына қатысты мұрағаттық құжаттардың 35 мың істері, 130 кино, 50 фото құжат, 80 телесюжет, әр жылдардағы жарыққа шыққан журналдардың 446 нөмірі табылыпты. Ол 1931-1936 жылдар аралығындағы “Яш Түркістан” журналының 67 түпнұсқасы ұлыбританиялық жеке коллекционерден сатып алынды. Тарихшы-ғалым Абдуақап Қара жеке кітапханасында сақтаулы тұрған 1927-1931 жылдар аралығындағы “Иени Түркістан” журналының 39 көшірмесін сыйға тартты, дейді. Сондай-ақ көрмеде қазақ хандарының тарихына байланысты қазақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы туралы, Ресей империясының отаршылдық саясаты туралы құжаттармен танысуға болады. Бұл мемлекеттің мұрағат саясатындағы түбегейлі өзгерістердің көрінісі, дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев:
-Әрбір мемлекеттің мұрағат саласында идеологиясы болу керек. Онсыз мемлекет өз құндылықтарын зерттеу, сақтау мәселесін дұрыс жолға қоя алмайды. Осы тұрғыдан алған бүгінгі көрме алыс және жақын шет елдегі мұрағат қорларындағы құжаттарды жинақтап ұрпақ қолына беру жақсы нышан. Біз мұндай шараларды кезінде Кеңес Одағы құрамында болған кезімізде іске асыра алған жоқпыз. Бүгінде қазақ тарихына қатысты деректердің мол қоры Қытай, Ресей мұрағаттарында сақтаулы жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бес ғасырдың құжаттары Қытайда. Шығыстану институты ғалымдарының деректеріне қарағанда, осы қытай архивтерінде 300-ге жуық қазақ хандарының хаттары сақтаулы екендігі анықталып отыр. Ал ХVIII, XIX, XX ғасырларға қатысты құжаттардың басым бөлігі Ресейде.