Р.Армитидж (АҚШ): “Таяу күндері АҚШ, Түркия және Ирақ үкіметі күрдтердің тағдырын талдайтын болады”

АҚШ, Түркия және Ирақ үкіметінің өкілдері таяу күндері Ирақтың солтүстігіндегі күрд көтерілісшілерімен не істеу керектігін талдайтын болады. Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүлмен Анкарада өткізген кешегі келіссөзінен кейін АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Армитидж осылай деп хабарлады. Түрік үкіметінің мәліметі бойынша, солтүстік Ирақта 5 мыңға жуық күрд жасағы – тыйым салынған Күрдтердің жұмысшы партиясының белсенділері әрекет етуде. Олар тәуелсіз күрд мемлекетін құруды мақсат етеді. Анкараға дейін бұл мәселені Р.Армитидж Ирақтағы күрдтердің жетекшілерімен талдасты.