Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов кеше сәрсенбіде үкімет басшылығындағы бір қатар азаматтардың орнын ауыстырды

Тәжікстан бас министр орынбасары Хомидовты Түрікменстанға елші етіп жіберіп, İшкі істер министрі орынбасары Юсуповтың орнына Абдуманнон Ғозиевті тағайындады. Сондай-ақ, Тәжікстан ішкі істер министрі орынбасары Жорақұлов және есірткіге қарсы күрес агенттігінің басшы орынбасары Рахим Каримов та қызметінен алынған.

Президенттің Баспасөз хатшысы Шариповтың айтуынша, бұл өзгерістерге сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабынан заңсыз пайдалану әрекеттері себебші болған.