Қазақстанның ғылым, әдебиет және мәдениет өкілдері арнайы үндеу жариялап, оңтүстік-шығыс Азиядағы зілзала мен цунамиден зардап шеккендерге көмек қорын ашу туралы бастама көтерді.
Зілзала және цунами апатына ұшыраған оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттерінің тұрғындарына көмектесу мақсатында қазақстандық академиктар Төрегелді Шарманов пен Камал Ормантаев арнайы қор ашу туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы қос академик Қазақстанның ғылым, әдебиет және мәдениет қоғамының атынан қаңтардың 6-сы күні Алматыда мәлімдеді.
– Бұл оқиғаның қауіптілігін ең алдымен дәрігерлер сезе бастайды. Сол себептен біздің осындай ұсыныс жасап отырмыз. Халық қолынан келгенше көмек берсе деп ойлаймыз. Себебі, бұл жайттың Қазақстан үшін ерекше мәні бар, өйткені Қазақстанның жалпы территориясының 20 процентінде осындай қауіп-қатер төнуі мүмкін, – дейді академик Төрегелді Шарманов.
Цунами зардабын көрген елдерге көмек беру туралы бастама көтергендердің тағы бірі – академик Камал Ормантаев ақшалай көмектің ең алдымен Индонезияға жіберілетінін айтады.
– Халық телеарналардан барлығын көріп-біліп отыр. Сол себептен барлығы адамдардың өздеріне байланысты болады, ешкімді зорламаймыз, кім қанша беретінін өзі біледі. 50, 100 немесе 300 теңге берсе де болады, – дейді академик Камал Ормантаев.
Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттерінің азаматтарына көмек туралы бастамамен қоғамға үндеу жасаған қазақ академиктерінің айтуынша, бұл істе қазақстандық кәсіпкерлер сараңдық танытып отырған жоқ. Ал қорға түсетін ақшаны арнайы құрылатын комиссия тексеріп отырмақ, ол комиссия құрамында журналистер де болады дейді академик Камал Ормантаев.
Арнайы қор ашқан азаматтардың айтуынша, қорға жиналған ақша келесі аптада оңтүстік-шығыс Азия елдеріне жіберіле бастайды.