Джон Керри Ирақта американдық сарбаздармен кездесті

АҚШ президенттігіне өткен қараша айында үміткер болған Джон Керри Ирақтың Мосыл қаласында американ әскерлерімен жолықты. Мосыл қаласында желтоқсан айында АҚШ әскерлеріне қарсы жанкешті шабуылдар ең көп жасалған еді. Джон Керри американдық сарбаздардың қызметін ерлік деп бағалады, алғысын білдірді. АҚШ қорғаныс министрлігі болса Ирақтағы әскери саясатын сараламақ. Осы мақсатпен аймаққа отставкадағы армия генералы Гарри Лакк аттандырылып жатыр. Ол жасақтардың әскери деңгейін, көтерілісшілерге қарсы соғысудың стратегиясын, Ирақ сарбаздарын үйрету бағдарламаларын тексермек. Гарри Лакк баяндамасын бірнеше аптада дайындауға тиіс.