Ирақта бірінші қазақ жауынгері қаза тапты

Украинаның қорғаныс министрлігі мәлімдегендей, бүгін Ирақта әуе бомбасын тию кезінде 7 украин жауынгері және 1 қазақ жауынгері қаза тапты. Поляк радиосы мен Польшаның ПАП ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирақтың оңтүстігіндегі поляк басшылығына қарайтын халықаралық күштердің қолбасшысы поляк генералы Анджей Экирт басқа 7 украиндық және 4 қазақ жауынгерінің жараланғанын хабарлаған. Бүгін Юсуфия қаласында Ирақ полиция мен армиясының күзет постына автобомбамен шабуыл жасалып, 2 полицей мен 2 тұрғын мерт болды.