Бүгін Палестинада бірнеше қақтығыстар болды

Жаңа сайланған президент Махмұд Аббастың ант берері қарсаңында Палестинада қақтығыстар көбейіп кетті. Батыс жағалаудағы атыстар кезінде екі палестиндік қаза болған. Мұндай қақтығыстар Палестинада сайлау өткен соңғы күндері біршама азайған, енді ол Израил парламенті 2005 жылға арналған бюджетті бастапқы оқылымында мақұлдап, Ариел Шарон ұсынған Израилдың Газа секторынан кетуіне бағытталған шығындар жоспарына қолдау көрсеткендіктен, қайта өріс ала бастады. Израил аскерлері бүгін Газа секторының оңтүстігінде палестин жауынгерлерінің жарылғыш зат арқылы жасаған шабуылы кезінде бір израил азаматын өліп, үш израил солдаты жараланды деп айтқан. Газа секторындағы бұл шабуылдың жауапкершілігін Палестина ислам жихады жауынгерлері өз мойындарына алған, осы қақтығыста біздің де екі адамымыз опат болды деген олар.