Орталық сайлау комиссиясы: Абхазияда қайта президент сайлауы заңға сәйкес өтті

Абхазияда қайтадан президент сайлауы болып аяқталды. Бастапқы қорытындыға сәйкес, алдыңғы сайлаудың жеңімпазы болып жарияланған Сергей Багапш 60 пайызға жуық дауыс жинаған сияқты. Бірақ ол жолы С.Багапштың жеңісін Рауль Хаджимба даулап, сайлау нәтижесі жарамсыз болып танылды. Енді бұл жолы Р.Хаджимба вице-президенттікке үміткер болып түсті. Абхазия президенті лауазымына Халық партиясының үміткері Якуб Лакоба да таласуда. Кеше Абхазияның Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңға сәйкес өтті деп жариялады.