АҚШ-та сапарда жүрген Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Ивановтың мәлімдеуінше, Мәскеу Украинаның мерзімі аяқталған президенті Леонид Кучманың үкіметімен қандай ынтымақтастықта болса, жаңа сайланған президент В.Ющенконың үкіметімен де сондай қарым-қатынасын жалғастырады. Ресей министрі Украинадағы сайлауды тарихтың үлесіне қалды деп бағалап, президент міндетіне кірісімен В.Ющенко өзінің ең алғашқы шетелдік сапарын Мәскеуден бастауға міндеттенген деп атап көрсетті.