Гүржістандағы жікшіл республика Абахазияда қайта өткен президенттік сайлауда Сергей Бағапш табысқа жетті

Сайлау коммиссиясының бүгін бейсенбіде хабарлағанындай, Бағапш 90 пайыз дауыс алса, Йақуб Лақоба 4 жарым пайыздық қолдауға ие болған. Бағапш қазан айында өткен алғашқы сайлауда да көп дауыс алған еді. Бірақ Ресей қолдауындағы 2-ші үміткер Раул Хаджимба дауласа отырып, ол сайлаудың нәтижесін бекер деп жариялатты. Келіссөздер нәтижесінде, Бағапш президент, ал Хаджимба президент орынбасары болып ол екеу Абхазия әкімшілігін өзара бөлісуге келісті. Сергей Бағапш жеңіске жеткеннен соң былай деді

-Біз Ресеймен өзара байланысты нығайтамыз. Біз Ресейдегідей заңдарды қабылдайымыз. Екі ел арасындағы заңдарды өзара үйлестіреміз. Ол барыс-келіске, зат алмасуға көмектесетін болады, - деген Абхазии президенті Бағапш.