БҰҰ-ының төтенше жағдайларға көмек бағдарламасының жетекшісі Ян Эгеланд Индонезияны табиғат апатына душар болған аудандардағы шетелдік құтқарушылар мен әскерилердің іс-әрекетін шектемеуге шақырды. Оның алында Индонезипяның вице-президенті Юсуф Калла барлық шетелдік әскер наурыз айының соңына дейін елден кетуге тиіс деп мәлімдеген болатын. Индонезияның бүлікшілер үстемдік орнатқан Ачех өлкесінде жұмыс атқарып жатқан шетелдердің қайырымдылық ұйымдарының іс-әрекетіне де шектеу қойылады.