Эбади менің сотқа шақыртылуым- елдің қылмыстық хұқтарына сай келмейді дейді

Иранның адам хұқтары белсендісі және Нобель сыйлығының иегері Шырын Эбади өзінің Революциялық сот алдына бару жөнінде шақырту алғаны елдің қылмыстық хұқтарына сай келмейді деп айтқан Фарда радиосына берген сұхбатында. Эбади өз кеңсесі бейсенбі күні үш күннің ішінде сотқа келу жөнінде шақырту алғанын, ал осы мерзімде келмесе, тұтқындалатындығы жөнінде айтылған дейді. Эбади сот шақырту қағазында басты баптарды көрсетуді ұмытып кеткен деген. Американың мемлекеттік департаменті Эбадиға қарсы сот ісі қозғалуы мүмкін деп алаңдаушылық танытты.