Уалаяттық мәселелер бойынша министр Абдел Латифтің айтуынша, сайлау бекеттерінде жанкештілік бомбы жарылыстары болмауы үшін барлық жерде көлік қатынасы шектеледі. Ал Ирақ қауіпсіздік күштеріне АҚШ жетекшілігіндегі әскери қосындар жақыннан қолдау көрсетеді. Бірақ американдық бір қолбасшының айтуынша, одақтас күштер Ирақтағы ол сайлаудың түгелдей тыныш өтуіне толық кепілдік бере алмайды екен. Сайлау алдынан соңғы апталарда сұнни бүлікшілдері өз күш көрсету әрекеттерін жиі қайталап тұр.