Палестиналық жауынгерлерге қарсы шексіз күш қолдануға бұйрықты Шарон мырза жексенбі күні берді. “Палестина басшылығы Хамас пен Исламдық Жихад тобын ауыздықтай алмады”, деген кінә артуда Шарон мырза. Газа аймағында, бейсенбі күні 6 израйльдік қаза болғаннан кейін Израиль өкіметі Палестина басшылығымен барлық байланыстарын тоқтатып отыр. Палестина елбасы Махмуд Аббас атыстарды тоқтату үдерісінің ықтималдығын ақылдасу үшін дүйсенбі күні Хамас және Жихад тобымен пікірлеспекші.