Украинаның Жоғарғы соты В.Януковичтің барлық шағымын тіркеді, көбін қанағаттандырмай, соңғы шағымын қарауға 5 күн уақыты бар

Украина президенттігіне үміткер әрі бұрынғы премьер-министр В.Януковичтің адвокаттары бүгін Жоғарғы сотта президент сайлауының 26 желтоқсандағы соңғы – үшінші туры “апельсин” немесе “қызғылт-сары төңкерісінің” қысымымен бұрмаланғанын дәлелдеуге тырысып бағады деп күтілуде. Жоғарғы соттың бүгінгі мәжілісі теледидар арқылы тікелей эфирде көрсетілмекші. Украинаның Жоғарғы соты В.Януковичтің барлық шағымын тіркеді, бірақ олардың көбін қанағаттандырмай кейін қайтарды. Оның соңғы шағымын қарауға соттың 5 күн уақыты бар. Бірақ барлық арыз-шағым қаралып болғанша, В.Ющенко президент міндетіне кірісе алмайды.