Кеше Ресейдің бірқатар аймағында президент В.Путиннің бастамасымен қабылданған әлеуметтік жеңілдіктерді өтемақымен алмастыру заңына қарсы наразылық шерулері жалғасып, Ставрополь орталығындағы митингіге 5 мың зейнеткер қатысып, С.-Петербордағы шеруге 1.5 мың адам шығып, тағы да Невский даңғылын бөгеді. Самара қаласында наразылық митингісі 5-інші күн жалғасуда. Тверь қаласында наразылық шаралары сейсенбіге жоспарланып отыр. Ресейдің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Михаил Зурабов зейнеткерлерді көлік жеңілдіктерімен қамтамасыз ету бір аптаның ішінде шешіледі деп сендірді.