Ресейде зейнеткерлердің шерулері одан әрі жалғасуда

Әлеуметтік жеңілдіктерді алып тастау жөніндегі заңға наразылық танытқан бір мыңдай азаматтар Хабаровскіде жиналған болатын. Осыдан екі есе көп шерушілер Ангарскіде бой көрсеткен еді. Уссурискі мен Сахалинде де осындай үдерістер орын алған. Қаңтардың 1-де қабылданған заң бойынша әлеуметтік жеңілдіктер орынына ақшалай төлемақы беру шешілген еді. Зейнеткерлердің пікірінше мұндай төлемақыға кедейліктің ең төменгі шегіне жеткендер ғана қол жеткізе алады.