Президент сайлауының қорытындысын Жоғарғы сотта даулап жатқан В.Януковичтің қорғаушылары кеше Украинаның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен президенттікке үміткер болған ілгерішіл-социалистік партияның лидерін сотқа шақыру туралы екі өтініш жасап, сот оларды қанағаттандырмады. Дүйсенбі күні Донецк қаласында В.Ющенконы президент сайлауының жеңімпазы деп жариялаған сайлау комиссиясының қаулысын заңсыз деп табуды талап еткен В.Януковичтің 10 мыңдай қолдаушысы шеру өткізді. В.Януковичтің өзі Украинада әділ де ашық және бейтарап сот жекелеген жағдайларда және тек бірнеше адамның пайдасына ғана атқарылады деп Жоғарғы сотты айыптады.