Газа мен Израиль шекарасына палестиналық қауіпсіздік күштерінің бөлімдері орнатылады

Палестина автономиясының лидері Махмуд Аббас бүгін экстремистік “Ислам Джиһады” және басқа ұйым жетекшілерімен Израильге қарсы шабуылдарын доғару жөнінде келіссөзін жалғастырды. Газа аймағындағы еврей қоныстарына қарсы террористік шабуылдардың алдын-алу мақсатында таяу күндері аталмыш аймақтың Израильмен арадағы шекарасына палестиналық қауіпсіздік күштерінің бөлімдері орнатылады. Ол жайында экстремистік “Хамас” тобы көсемдерімен Махмуд Аббастың кеше өткізген келіссөзінен кейін палестиндік қауіпсіздік күштерінің жетекшісі хабарлады. Кеше “Хамас”-тың мүшесі Газаның оңтүстігіндегі Гуш Катиф күзет постының жанында өзін жарып, Израильдің 7 азаматын жаралады.