Бағдадтағы Австралия елшілігі мен полиция кеңсесі маңындағы автобомбаның жарылыстарын Ә.М.Әз-Зарқауидің тобы ұйымдастырды

Ирақ астанасында айналдырған 1.5 сағаттың ішінде бомба орнатылған екі автокөлік жарылып, кем дегенде 8 адам қаза тапты. Бүгін Интернет-парақшасында берген хабарында Әл-Қаида ұйымының одақтасы Әбу Мұса Әз-Зарқауидің тобы бұл шабуылдарды өзі ұйымдастырғанын мәлімдеді. Бірінші автобомба Аустралия елшілігінің іргесінде жарылып, одан 2 кісі мерт болды. Аустралия сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, ол қастандықтан елшілік қызметкерлерінің біріне зақым тимеген. Екіншісі – Бағдадтағы полиция бөлімшесінің жанында жүзеге асырылды.