Ресейден келген әйелге Ресейдің Хелсинкидегі сауда өкілеттігіне қарайтын пәтерді жезөкшелер үшін пайдаланды ма деген күдік түсіп отыр. Фин тергеушісі Сеппо Силланпаа бүгін бір орыс әйеліне әлгі пәтерлерді жезөкшелерге үйреншікті жалдық ақшадан үш есе қымбатқа тапсырып отырды және кем дегенде ресейлік 2 дипломатқа тұрақты түрде төлем түсіп тұрғанын мәлімдеді. Бірақ Германияның ДПА агенттігіне берген сұхбатында Силланпаа орыс дипломаттарын жауапқа тарту қиынға соғатынын, өйткені олардың дипломаттық иммунитеті барлығын атап көрсетті.