Украина Жоғарғы соты Ющенконың жеңісін мойындады

Сот 26 желтоқсанда қайта өткен президенттік сайлаудың нәтижесі үшін таласқан Януковичтің арызын қанағаттандырмай кері қайтарды. Бұл туралы бүгін таңертеңгісін Жоғарғы сот төрағасы Анатолий Ярема хабарлады. Бұдан бұрын сот сайлау қорытындысын ресми екі газеттің жариялауына рұхсат еткен болатын. Сарапшылар сот қаулысы мен сайлауда жеңіске жеткені туралы хабардың жариялануы ғана Ющенконың иннагурациясын кешіктіріп тұрған болатын дейді. Кеше Ющенко иннауграцияның сенбіде- 1919 жылы Украинаның бірлігі жарияланған күні өтуін қалаймын деген еді. Ющенко қарашада өткен алғашқы дауыс беруде жеңіліс тапты, оның қолдаушылары Украина астанасында бірнеше апталар бойына наразылық шерулерін жалғастырды. Осыдан кейін барлық талап-шағымдарды қарай келе Жоғарғы сот алғашқы шешімді жарамсыз деп тауып, президенттік қайта сайлау 26 желтоқсанда өткен болатын. Ющенко Украинананы батысқа жақындата дамытамын деп уәде етті.