Франция қорғаныс министрінің Ресейдегі сапары

Бүгін Санкт-Петербургта Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов пен оның франциялық әріптесі Мишель Аллиот-Мэри әскери ынтымақтастықты кеңейту маселелерін талқылайды. Ресей мен Франция қорғаныс министрлері сондай-ақ Ирақ пен Ауғанстан, Таяу шығыс мәселелерін де сөз ететін болады. Ал кешке қарай Иванов пен Аллиот-Мэри Ресей –Франция қауіпсіздік кеңесінің кездесуіне қатысу үшін Мәскеуге ұшып барады.