Қаңтардың 19-ы күні Пәкістан астанасы Исламабад қаласындағы өз үйінде Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Сапарғали Әубәкіров белгісіз жағдайда басынан тиген оқтан ауыр жараланғаны туралы ақпарат тарады.
Қазақстан дипломатына қатысты осы оқиғаны алғашқы болып хабарлаған "Рейтер" агенттігіне сәрсенбі күні сұхбат берген пәкістандық дәрігер Амжиад Мехмоуд Қазақстан дипломатының аса ауыр халде екендігін, қазір ол ес-түссіз жағдайда жатқанын айтқан. Бұл хабарды Азаттық радиосына Пәкістан астанасындағы Қазақстан елшілігінің өз аты-жөнін айтқысы келмеген бір қызметкері де растады. Оның айтуынша, болған оқиғаға байланысты Пәкістанның құқық мекемелері қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізе бастаған.
Ал Пәкістан полициясы Қазақстан дипломатына жасалған қастандық оқиғасына байланысты кейбір дерек-мәліметтерді бере бастады. Полицияның айтуынша, Исламабад қаласының ең жақсы аудандарының бірінде орналасқан Қазақстан дипломатының үйінде болған төтенше оқиғаның құрбаны болған Сапарғали Әубәкіровтың басынан тиген оқтан қансырап еденде құлап жатқанын ең алдымен осы үйдің даяшы қызметкері көрген. Бұдан соң ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.
Полицияның айтуынша, Қазақстан дипломатының үйінің сыртында тұрған автомашинасын қастандық жасаушылар ұрлап әкеткен. Алайда полиция өкілі Тахир Айуб сәрсенбі күні "Рейтер" агенттігіне берген сұхбатында, "бұл қандай бір террорлық мақсаттағы әдейі жасалған іс емес болуы керек, дипломат үйінде болған адамдарды бұрыннан жақсы танитын болуы мүмкін, өйткені олар бірге отырып, ас ішіп әңгімелескен" деген дерек берген.
Қазақстан елшілігінде кеңесші қызметінде болған, жасы 40-тардағы Сапарғали Әубәкіров осы қызметке барғалы көп болмаған екен.