Қостанай облысының полиция қызметкерлері осы өңірдегі шаруа қожалығында бірнеше жыл бойы еріктерінен тыс мәжбүрлеп жұмысқа салынған бес адамның босатылғаны туралы ақпарат таратты.
Аталған шаруа қожалығына ең жақын орналасқан елді мекен одан 50 шақырым жерде тұр екен. Сондықтан онда еркінен тыс, мәжбүрлі түрде жұмыс істеген адамдар ұзақ уақыт бойы шаруа қожалығынан қаша алмай келген. Алданған адамдардың кейбіреуі қожалықта 5 жыл бойы тегін жұмыс істепті.
Қазір құлдық жағдайдан құтылған адамдардың біразы ауруханаға жеткізілген. Қостанай облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Елена Каширинаның айтуынша, шаруа қожалығына жұмыс істегендерді осы қожалықты құрған 6 ағайынды жігіттер итпен күзеткен.
Бұл шаруа қожалығындағы жағдай туралы полицияға жергілікті журналист ақпарат берген, бертін келе құл ұстаушыларды қамауға алу жөніндегі операция басталған. Қазір, Қостанайдың полиция басшылығы журналисті марапаттау туралы шешім шығарды. Ал қожалықты құрған 3 адам қамауда отыр.
Қазақстан заңдары бойынша күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 5 пен 15 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қостанай облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Елена Каширинаның айтуынша, шаруа қожалығына жұмыс істегендерге күніне екі рет тамақ берген және олар таңғы сағат 5-тен түнгі сағат 1-ге дейін жұмыс істеуге мәжбүр болған.
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Қазақстандағы үйлестірушісі Кәрима Жанболатованың айтуынша, осы ұйымға 1998 жылдан бері өздерінің еркінен тыс жағдайда мәжбүрлі түрде жұмыс істегендерін айтқан қазақстандықтардан 200-ге жақын шағым түскен екен. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, алданып қалғандардың саны бұдан 10 есе көп.
Ресми мәлімет бойынша, 2004 жылы Қазақстанда құлдыққа қатысты небәрі 12 қылмыстық іс қозғалған. Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың мәліметінше, адамдарды құлдықта ұстауға байланысты қылмыстық істердің аздығына жемқорлық пен заңдардың кемшін тұстары себепкер. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Қазақстандағы үйлестірушісі Кәрима Жанболатованың пікірінше, осы ұйымда адамдарды алдап жұмысқа жалдаушылар полициямен келісіп, қылмыстық істерді тоқтатқан деректері бар.
- Қылмыстық істердің аздығының тағы бір себебі - заңдардағы олқылықтарда, мысалы, алдау фактісін дәлелдеу өте қиын, - дейді Кәрима Жанболатова.
Ақмола облысын қамтитын феминистер лигасының президенті Галина Марусованың айтуынша, бұл ұйымға құлдық жағдайда болып қайтқан 37 адамнан шағым түскен. Олардың көбі - әйелдер. Ал, жуырда Алматыда полиция полковнигінің коттеджін салып, ақысына тек тамақ алып жүрген бір адам шағымданған.
Феминистер лигасының президенті Галина Марусованың айтуынша, полициядан қорыққан ер адамды зорлап жұмыс істеткендер оны ұрып-соғып отырған.
- Төрт жыл бойы жұмыс істеген адам қарияға ұқсап кеткен. Оның тек бетінің өзінде 17 жарақаты бар, - дейді Галина Марусова.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын адамдарды құлдыққа сатудан 5 миллион адам зардап шегеді. Бұл салада 9 миллиард доллар айналымда жүр деген мәлімет бар.