Қажылық сапарды ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар осы қасиетті үдеріс кезінде де пайда тауып қалуға тырысады дейді мінәжат етушілер.
Коммунистік жүйе құлағаннан кейін бұрынғы Совет өкіметі құрамында болған елдерде мұсылмандардың қажылық міндетін өтеуіне кең жол ашылғандай болды. Алайда осы мүмкіндікпен қатарлас жағдайда жанама проблемалар да пайда бола бастағандай.
“Қажылық сапарды ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар осы қасиетті үдеріс кезінде де пайда тауып қалуға тырысады” дейді мінәжат етушілер. Атап айтқанда, сыбайласқан жемқорлық бұл жерде де белең ала бастаған сыңайлы. Ауғанстаннан қажылық сапарға аттанғандар ұшаққа отыру үшін пара төлеуге мәжбүр болғандарын айтады.
- Біз әуежайға барғанда 200 доллар төлеуге мәжбүр болдық, - дейді ауған азаматы.
Қабыл қаласындағы ресми өкілдер мұндай жазғыруды орынсыз деп отыр. Олардың айтуынша, бар мәселе Ауғанстанның қажылықты ұйымдастыру министрлігі мен Арйана әуежолы арасындағы жұмыста дұрыс үйлесімнің болмауы салдарынан туындаған.
Осыған ұқсас жағдай көршілес Өзбекстанда да кездескен екен. Кейбір мұсылман өкілдері “қажылық тізімге ілігу үшін 500 доллардан жоғары дәрежеде пара сұрайды” деп, діни қайраткерлерді айыптап отыр. Биылғы жылы қажылыққа баруға 6 мыңнан аса өзбек азаматтары арыз берген екен. Алайда олардың 4200-іне ғана виза берілген боп шықты.
Өзбекстанның діни мәселелер бойынша мемлекеттік комитеті өкілі Шухрат Исмайлов бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.
- Қажылық мәселесіне орай мұндай жағдайлар болған емес. Адамдар солай деп айтуы мүмкін. Алайда қажылық деген ұлы ибадат қой. Мұсылман ретінде біз адамдарға барынша көмектесуге тырысамыз. Біз олардан ақша алған емеспіз. Исламға қайшы келетін нәрселерді істеген емеспіз, - деді Шухрат Исмайлов.
Шынтуайтына келгенде, бұрынғы совет өкіметі құрамында болған елдерде өкімет ұйымдары қажылыққа баратындарды, сондай-ақ осы сапарды ұйымдастыру құқына ие болатын туристік фирмаларды да өздері таңдайды. Логикалық және қауіпсіздік жақтарын ойлай отырып, Сауд Арабиясы жыл сайын қажылыққа барушылар санын да қысқартып келеді.
“Форум 18” атты жаңалықтар агенттігінің сарашысы Феликс Корлейдің пікірінше, қажылық үдерісіндегі мемлекеттік үстемдік және қажылық сапарына адам таңдау үдерістерінің ашық түрде жүргізілмеуі, сондай-ақ қажылық визасын алудың қиындығы бәрі жиыла келіп, сыбайласқан жемқорлық жөніндегі әңгімелердің өрши түсуіне апарып отыр.
Бақылаушылардың айтуынша, мемлекеттік монополиялар лицензияға ие болған туристік фирмалардың төлемақы деңгейін жоғарылатып, содан пайда түсіруге де рұқсат беріп отыр. Мысалы, Қазақстандағы "Спутник-Қазақстан" туристік агенттігі биылғы жылы қажылыққа 320 қазақстандық мұсылманды аттандырды. Әр адам бұл сапар үшін 2600 доллардай қаржы төлеген.
Әзірбайжанда қажылық сапары үшін 1200, ал Ресейде 1000 долар ақша төлеу керек екен. Осындай шығындарының орнын толтыру үшін қажылыққа барған кейбір азаматтар Сауд Арабиясына барған сапарында өз заттарын сатумен айналысатын боп шықты. Сарапшылардың пікірінше, мұндай әрекеттер ол азаматтардың қажылық парыздарын тиісінше толық өтеулеріне кедергі болады.