Сейсенбіден бері Газа аймағында жүрген Аббас мырза Хамас, Жихад және басқа да Палестина фракцияларымен келісімдердің өз мәресіне жетіп қалғандығын айтты. Ол сондай-ақ, аталған жауынгер топтарына қарсы Израиль тарапының шабуылдарын тоқтатуының аса маңызды екендігін ескертті. Сондықтан да Израиль түрмелерінде жатқан бірнеше мыңдаған палестиналықтарды босатуға ресми Тель-Авивті шақырды.