Зерттеулерге қарағанда Ирақ түрмелерінде тән қинау тәсілдері кең қолданылуда

АҚШ-та орналасқан Адам хұқықтарын қорғау ұйымы Ирақтың қазіргі билігінің түрмелерде тұтқындарды тұрақты түрде аяусыз ұрып-соғып, оларды электр орындығына отырғызып қинайтындықтарын мәлімдеп отыр. Сұралған 90 тұтқынның 72-сі өздерінің осындай қорлықтарға тап болғандарын айтқан. Ирақ өкіметі Адам хұқықтарын сыйлау жөніндегі уәделерін орындамады, дейді хұқық қорғаушы топ.