Дүйсенбі күні Ющенконың Ресейге сапары басталды. Бұл- оның елбасы ретіндегі шетелге жасап отырған алғашқы сапары. Мәскеудегі кездесуден кейін сөйлеген сөзінде Ресей елбасы Владимир Путин Ющенконың бұл келісін “жақсы нышан” деп бағалады. “Украинадағы күрделі саяси кезеңнің аяқталғанына біз қуаныштымыз. Жағдайдың қалыпқа түскендігіне және жаңа биліктің пайда болғандығына қуаныштымыз. Біздің байланыстарымыз осыған дейінгі дәстүр бойынша, одан әрі дами түседі, деп сенеміз”-, деді Путин мырза.