Жапония үкіметі Алматыдағы Сызғанов атындағы хирургия ғылыми-зерттеу орталығына медициналық қондырғылар тапсырды.
Алматы қаласындағы Сызғанов атындағы хирургия ғылыми-зерттеу орталығына Жапония үкіметінің құны 80 мың АҚШ доллары тұратын медициналық қондырғылары тапсырылды. Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тосио Цунодзаки Қазақстанның дәрігер мамандарының кәсіби деңгейі жоғары, бірақ пайдаланып отырған медециналық құрылғылары ескі дейді.
- Жапонияның «Шөп тамыры» атты гранттық жобасы бойынша Қазақстанға 1997 жылдан бері көмек көрсетіліп келеді, - дейді Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тосио Цунодзаки.
Ол үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті басқару орындарына, сондай-ақ, алғашқы көмек мекемелеріне қолдау көрсетуге бағытталғанын айтады. Сондай-ақ елші Жапония жағы үшін аталған шара Қазақстан мен күншығыс елінің арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға сеп болады деген сенімде екендіктерін білдірді.
Дегенменде Сызғанов атындағы хирургия ғылыми-зерттеу орталығына Жапония үкіметі жолдаған құны 80 мың АҚШ доллары болатын медициналық қондырғы құны аталған орталық үшін сонша үлкен қаржы емес дейді Сызғанов атындағы хирургия ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми-хирургиялық орталықтың директоры Болат Баймаханов. Ал орталық директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ермек Ахметов барлық қондырғылар ескі деген пікірмен келіспейтінін және Орталық Азияда жоқ қондырғылардың өздерінде бар екенін айтады.
Сондай-ақ орталықтың реанимация бөлімінің клиника жөніндегі меңгерушісі Тілеуберді Қуандықов Жапон үкіметі құрылғыларының соңғы үлгіде жасалғандығы - басты ерекшелігі дейді. Орталықтың дәрігері Бауыржан Наржанов өздерінде бұрын-соңды мұндай құрылғылар болмағандығын айтады.
Сонымен қатар Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тосио Цунодзаки осы шара барысында Семейдегі санаторий-туберкулез балалар бақшасы мен өзге де денсаулық сақтау мекемлерімен арадағы келісімге қол қойды.