Сондай-ақ, Бағдадтағы Австралия әскери күзеті маңайында жанкештінің көлік бомбысы жарылып, 6 сарбаз жарақат алған.
Бұл арада АҚШ президенті Буш бүлікшілердің қарсылығына қарамай, сайлауда дауыс беруге шақырды.
- Ирақтағы лаңкестер демократияға қарсы күрес ашып отыр. Бұл - Ирақ халқына қарсы соғыс деген сөз. Дегенмен, сайлау бәрібір өтеді Миллиондаған ирақ азаматы өздерінің батылдығын, елге деген сүйіспеншілігін, азаттыққа деген қалауын көрсетеді деп сенемін, - деді АҚШ президенті Буш.
Президент өзінің бұл сөзін кеше сәрсенбіде Ирақтың батысында АҚШтың әскери тікұшағы құлап, 31 американдық сарбаз қаза тапқаннан соң айтқан.