Бүгін ел астанасының Салмия ауданында болған атыстар кесірінен бір полиция қызметкері, үш қарулы топ өкілдері және бір қарапайым азамат қаза болған. Сондай-ақ қауіпсіздік қызметінің төрт адамы жараланып, күдікке ілінген бір адам тұтқындалған. Хабарларға қарағанда, полиция және арнайы жасақ күштері бірнеше ғимараттарды қоршап алғаннан кейін атыстар басталған екен.