Британия әскери өкілдері Ирақта жексенбі күні болған жүк тасығыш ұшақтың апатқа ұшырау себептерін зерттеуді бүгін бастады. Бағдаттың солтүстік-батысында болған бұл апаттан 10 шақты ұшақ қызметкерлері қаза болған. Ресми өкілдер сөзіне қарағанда, ұшақ Бағдаттан Баладқа қарай ұшып шыққан екен. Онда АҚШ әуе базасы орналасқан.