АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Мария қаласында әлемге әйгілі поп-әнші Майкл Джексонның үстінен сот процесі басталды. Ол көмелетке толмаған балаларға жөнсіз тиісті деген айып бойынша сот сауалдарына жауап беруге тиісті. Джексонның өзі бұл айыптардың бірін де мойындамайды. Шағын ғана қалаға Америкадағы ең жанжалды сот процесінің бірін ссипаттау мақсатында мыңдаған журналист пен фототілшілер және кинооператор жиналды. Әйгілі поп-әншінің жүздеген жанкүйері жиналып, оған қолдау білдіруде.