БАҒДАД: Ирақта қантөгіс толастамай тұр. Сейсенбіден бері жекелеген шабуылдардың барысында 9 тұрғын қаза тапты Бадуба қаласында 2 полицей мен Ирақ жауынгерін тасадан атып кетті. Тағы 2 полицей өтіп бара жатқан автокөліктен атылған оқтан құрбан болды. Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Дхулуджиа ауылының іргесіндегі күзет постында жарылған автобомбадан 1 Ирақ жауынгері мерт болып, екіншісі жараланды. Кеше кешкісін АҚШ армиясы күзетінің ізінше жарылған бомбадан 2 бейбіт тұрғын көз жұмды. Хилла қаласында полиция офиері мен оның көлік жүргізушісі, Тамая елді-мекенінде тағы бір полицей оққа ұшты.