АФИНА: Грекия үкіметі Афина әуе жайында Сербия премьер-министрі Зоран Джинджичтің өміріне қарсы жасалған қастандық бойынша ең басты күдікті әрі куәгер болып табылатын Деян Миленковичті Сербия полициясының қолына табыс етті. Ол енді Белградқа жеткізіледі. Миленкович – Грекияда өткен жылдың шілдесінде тұтқынға түскен болатын. Сербия мен Грекия оны қолдан қолға беру туралы өткен айда келіскен, бірақ Миленковичтің бас амандығын ойлап, оның Белгардқа тапсырылатын күнін жасырып келді.