А.Шарон мен М. Аббас Мысырда ресми түрде бітімге келеді деп күтілуде

ИЕРУСАЛИМ: Бүгін Иерусалимде Израиль үкіметі түрмеде отырған бірнеше жүз палестиндікті босату мүмкіндігін талдады. Онымен қатар үкімет Йорндан өзенінің батыс жағалауындағы 5 қаладан Израиль армиясын біртіндеп шығару мәселесі де сөз болды. Алдағы сейсенбі күні Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон мен Махмуд Аббас Мысырдың Қызыл теңіз жағалауындағы Шарм-Әш-Шайх курортындағы кездесуінде ресми түрде бітімге келеді деп күтілуде. Бұл кездесуге Иордания патшасы Абдулла мен Мысыр президенті Хосни Мүбәрәк дәнекер болып қатыспақшы. Кездесудің күн тәртібі қазір пысықталу үстінде.