ГРОЗНЫЙ: Чешен лидері Аслан Масхадов қарулы жасақтарына атысты уақытша тоқтатуға бұйрық берді. Бітім 22 ақпанға дейін дерлік жалғасады. Мұндай ақпар Интернеттегі “Кавказ-центр” парақшасында шықты. Чешенстан президенті Алу Алхановтың бүгін білдірген пікіріне қарағанда, Масхадов осылайша әлем қауымдастығының назарын өз тұлғасына аударуды көздеп отыр. Чешенстанның мемлекеттік кеңесінің төрағасы Таус Джабраилов атысты тоқтатуды “көзге шөп салу” деп бағалады. Ресей президентінің Солтүстік Кавказдағы өкілетті өкілі Д.Козак “Кавказ-центр” сайты ресми ақпарат көзі болмағандықтан Мәскеу оған назар аудармайды деп мәлімдеді.