Қазақстанға арнайы келіп, марал, елік, тау ешкілерін ататын шетелдік аңшылар саны былтырғы бір жылда 400-ге жеткен. Жергілікті әуесқой аңшылардың көпшілігі мүйізді аша тұяқтыларды атып алуға рұқсат беретін қағаздың қымбат екенін айтып, нәумез болып жүр.
Қазақстанның 272 миллион гектар жері аң аулау алқабына жатқызылған. Республикалық орман және аң шаруашылығы комитетінің өкілі Ергелді Сәрсенбаевтың айтуынша, осы жерге иелік жасау үшін биылдан бастап аң аулау кәсібін жүргізуге жеке тұлғалар да қаңтар айынан бастап рұқсат алды.
Мекендейтін аң-құстардың маңызына қарай, жерді жалға алу 10 жылдан 49 жылға дейін мерзімге беріледі. Маманның айтуынша, Қазақстанға мүйізді аша тұяқтыларды атуға ұдайы келетіндердің саны былтыр 400-ге жеткен. Есесіне, қыран құстармен саятшылық жасайтындар аяқ асты азайған.
- Жыл сайын Қазақстанға 400-ге жуық шетел азаматы келіп, аң атады. Олардың іздейтіні, мүйіздері қарағайдай тұяқтылар. Марал, тау ешкілерін олжа санайды. Неге екені белгісіз ителгі, қыран салып, саятшылық құратын аңшылар саны қазір азайып барады, - дейді ол.
Шетелдік аңшы куәліктері Қазақстанда аң атуға жарамды саналады. Тек заңға сәйкес, рұқсат қағазға ақша төленсе болғаны. Салық кодексіне сай, аңшы өзі ататын жануардың құнын алдын-ала төлеуі тиіс. Қазақстандық аңшылардың кейбірі ол рұқсат қағазды қымбатсынады. Содан, үкімет атуға рұқсат берген жануарларды аулау мүмкіндігінен айырылып отыр деген уәж айтады Алматы облыстық әкімшілігіне бағынатын аң-құс қорғау мекемесінің бастығы Жеңісбек Досқараев.
- Аңшылыққа үйір шетелдік азаматтар барлық шығынды еркін көтереді. Шетел аңшылары үкімет атуға рұқсат берген жануарларды тегіс атады. Қазақстандық аңшылар болса, өздеріне тиесілі хайуандарды жыл бойы атып тауыспайды. Рұқсат қағазы қымбат. Оның сыртында атып алатын жануардың ақшасын алдын-ала төлесін деген салық кодексінің бабы, маусымына бір мезгіл аңға шығатын адамдарға қолбайлау болып отыр. Әуресі көп деп, қашық жер тұрмақ, жақын жерде отырған аңшылардың өзі келмейді. Осыдан барып, мемлекеттік қазынаға салық көп түспейді, - дейді Жеңісбек Досқараев.
Қазақстанда қазір 10 ұлттық қорық, 8 мемлекеттік қорық аймағы, 57 қорғалым өлкесі бар. Аңшылар арнайы құрылған қорық аймақтарында ғана аң аулауы тиіс. Дегенмен, заңсыз аң атушылар әлі де көп. Әккілері қазір қыс шанасын сайлап шығады. Олардың кім екенін біліп отыру үшін техникасы барларлын тіркеу керек. Ал ондай билік бізде жоқ дейді республикалық орман және аңшылық шаруашылығы комитеті басқармасының орынбасары Ергелді Сәрсенбаев.
- Браконьерлік бар. Әсіресе, қыс кезінде үдей түседі. Моторлы қысшанамен аң ататындар көбейіп кетті. Қусаң ұстатпайды. Олардың кім екенін білу үшін, техниканы тіркеуге алу керек. Бізге ондай құзыр беретін заң әлі жоқ, - деді Ергелді Сәрсенбаев.
Тұрақты мекеніне 50 жылда оралмаған аң-құстарды ғалымдар тұқымы құрыған хайуандардың тізіміне қосады. Қазақстанда осылайша, соңғы жолбарыс пен қабылан 1948 жылы атылып кеткен. Қазақстанды мекендейтін аң-құстар жайлы деректер жинайтын маман Самат Махановтың айтуынша, соңғы он жылда жоғалған аң-құс, балықтардың санын нақ айту қиын:
- Қазір дәл қанша аң мен құс және балық түрлері жойылғанын білетін маман жоқ. Оның сыртында Қазақстанда небір өсімдіктер құрып барады.
Бір Алматы облысы бойынша, қар түскелі бері 800 дала тағысы атылған. Алматы облыстық әкімшілігіне бағынатын аң-құс қорғау мекемесінің бастығы Жеңісбек Досқараевтың айтуынша, биыл да қасқыр ату жыл бойы жалғасады:
- Арланды атып әкелгенге 4 мың, одан ұсағы 2 мың, бөлтірігіне 800 теңге төлетіп аттырамыз. Комиссия мүшелері өлген қасқырды тіркеп, аңшылардың ақшасын төлейді. Осы іске биыл 3 миллион теңге жұмсаймыз.
Осы аптаның басында Қостанай облысында саны шамамен мың басқа жеткен қасқырларды аңшылар қазір ұшақтан атуға көшкен. Мамандардың айтуынша, қыс ішінде ауылға қауіп төндірген дала жыртқыштарының 700-ге жуығын екі айда соғып алу жоспарланып отыр.