Мәжілістің бір топ депутаты Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері Владимир Жириновскийдің Қазақстанға қатысты жақында баспасөзге берген сұхбатына жауап дайындап, оны Ресей парламентіне жолдағалы отыр.
Қазақстан парламенті мәжілісінің бір топ депутаты атынан мәлімдеме жасаған депутат Владимир Нехорошев Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері Владимир Жириновскийдің "қазақ мемлекеттілігі, жазуы, ұлттық тілі, мәдениеті болмаған, Қазақстанда халықтар достығы жоқ" деп айтқаны және "қазақ-ресей шекарасының делимитациясы – ең үлкен қателік" деген сөзін "кемсіту" деп бағалайды.
Владимир Нехорошев сәрсенбі күні Ресей мемлекеттік думасының депутаттарымен сөйлескенін айтады.
- Олар да Жириновскийдің айтқан сөздерін қолдап отырған жоқ. Мемлекеттік дума вице-спикерінің ресми тұлға ретінде аталған мәлімдемеге тіпті жол беруге болмайтынын талқылап жатыр, - деді Владимир Нехорошев.
Оның айтуынша, Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттарының мәлімдемесі Ресей мемлекеттік думасына жолданады.
- Жириновский біздің бұрынғы отандасымыз, бірақ оның істерін адам түсінбейді. Сондықтанда біз Жириновский мырзаның жеке тұлға ретіндегі мәлімдемесі деп есептейміз. Дегенмен ол қазіргі уақытта үлкен лауазым иесі болып отыр, парламент мәжілісі депутаттарының мәлімдемесін міндетті түрде Ресей мемлекеттік думасына жолдаймыз, біз мұндай жағдайда үнсіз қала алмаймыз, - дейді Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Валерий Котович.
Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко да Жириновский айтқан сөздермен түбегейлі келіспейді.
- Біз Қазақстанда қазақ ұлт-дәстүрімен тәрбиленген, қазақ тілін үйреніп, сөйлеп жүрген адамдар болағандықтан жанымызға ауыр тиді. Сондықтанда Жириновскийдің Қазақстанның барлық халқын сыйламай айтқан сөзіне мән бермей қалу мүмкін емес. Біз депутаттық қызметке кіріскенімізге көп болған жоқ, егер Ресей мемлекеттік думасы депутаттарымен бірге жұмыс тобы құрамына еніп жатсақ, бұл мәселені міндетті түрде сөз етеміз, - деді Елена Тарасенко.
Ресей мемлекеттік думасына жолданатын хатты қолдаушылардың бірі парламент мәжілісінің депутаты Динар Нүкетаева да аталған жағдайда үнсіз қалуға болмайды деген пікірде. Сондай-ақ ол әріптестері арасында Жириновскийдің айтқан сөздеріне мән берудің қажеті жоқ деген пікір айтушылардың да болғанын айтты.