Оппозиционер Заманбек Нұрқаділов тәуелсіз басылымдарға сұхбатында Еуропада Қазақстандағы коррупцияға қарсы халықаралық комиссия құрғандығын мәлімдепті. Сондай-ақ жұма күнгі баспасөз «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясын жабу туралы Алматы экономикалық сотының шешімі туралы жазыпты.
«Сөз» газеті белгілі оппозиционер Заманбек Нұрқаділовтың Еуропада болғандығын айта келіп, оның Франция сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде сөз сөйлеп, Қазақстан президентінің режимін сынға алғандығын хабарлапты. Мақала авторының айтуынша, Заманбек Нұрқаділов өз сөзінде әсіресе, "Нұрсұлтан Назарбаевтың қаталдығын және бұл адам үшін саясатта да, өмірде де ешқандай құндылықтың жоқ екендігін" атап өтіпті. Заманбек Нұрқаділовтың айтуынша, "Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевты сынға алған саяси партия міндетті түрде жойылады".
«Қазақстан Республикалық Халықтық партиясын» құрту үшін билік «Саяси партиялар туралы» заңды ойлап тапты, ал оның басшысы Әкежан Қажыгелдин сыртынан он жылға сотталды, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясын жабу үшін де сылтау табыла қалды. Ал осы партияның басшысы Ғалымжан Жақияновтың саяси көзқарасы үшін түрмеде отырғанына үш жыл болды» дейді Заманбек Нұрқаділов.
«Республика» басылымына берген сұхбатында белгілі Заманбек Нұрқаділов Еуропаға барған сапарын баяндай келіп, Қазақстандағы коррупцияға қарсы халықаралық комиссия құрғандығын тілге тиек етіпті. Сондай-ақ Заманбек Нұрқаділов Еуропаға жасаған сапарында экс-премьер Әкежан Қажыгелдинмен кездескендігін айта келіп, кезінде оның премьерлік қызметтен кетуіне өзінің де үлес қосқандығына тоқталып, бұл кінәсін толық мойындайтындығын айтып өтіпті. Заманбек Нұрқаділовтың пікірінше, "Нұрсұлтан Назарбаевқа айтқанынан шықпайтын премьер керек болғандықтан, ол Әкежан Қажыгелдиннен тезірек құтылуға асықты".
Сонымен бірге Заманбек Нұрқаділов Әкежан Қажыгелдинді келешекте мемлекет басшысы болуға лайық тұлға ретінде санайтындығын да атап өтіпті. Ал, «Қазақстандағы коррупцияға қарсы халықаралық комиссияның» құрылғандығына байланысты Заманбек Нұрқаділов, оның Еуропада ресми тіркеліп Германияда кеңсесінің ашылғандығын, енді екінші кеңсесінің Алматыда ашылатындығынан хабардар етіпті.
Алматы қаласындағы ауданаралық мамандандарылған экономикалық сотының «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясын жабу туралы шешім шығаруы да жұма күні жарық көрген апталық басылымдардың баса назар аударған тақырыбына айналыпты. Алайда бұл мәселеге қатысты апталық басылымдарда түрлі пікір айтылыпты.
Мысалы, «Республика» және «Сөз» басылымдарында аталмыш партияны жабу Қазақстанда президент сайлауының алдындағы саяси алаңды тазарту науқаны ретінде бағаланыпты. «Республика» басылымының бірінші бетінде жарық көрген Мұхаметжан Әділовтың мақаласында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясын жабу Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің қарамағындағылардың ішіндегі сенімді біреуіне мұрагерлікті беру алдындағы шаралары болуы ықтимал деген болжам жасалыныпты. Мақала авторы мысалға келтірген бейресми ақпарат бұлақтарынан алынған мәліметтерге сүйенсек, "Нұрсұлтан Назарбаев мұрагерлікті Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевқа сеніп тапсыруы мүмкін".
«Начнем с понедельника» апталығында жарық көрген Алексей Уверкиннің мақаласында «Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясын» жабуға осы партия басшыларының өздері себепші болды деген пікір айтылыпты.
Жаңадан жарық көре бастаған «Жас қазақ» басылымында бұл тақырыпқа арналған екі көлемді мақала жарық көріпті. «Солтүстіктен соққан ызғар» атты Ораз Әлімбековтың талдау мақаласында бұл партияның "қоғамның іштей түлеуінен туған саяси қозғалыс емес" екендігі, "Қазақстанның бетін Ресейге бұру үшін сырттан таңылған саяси жоба" екендігі туралы сараптама жасалыныпты.
«Жас қазақ» басылымында жарық көрген «Дауыл алдындағы дайындық па» атты тағы бір мақалада өткен сенбі күні оппозициялық «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партия өкілдерінің Алматы қаласындағы Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында бейбіт түрде наразылық шеруін ұйымдастырғандығы хабарланыпты. Мақала авторының айтуынша, шерушілердің қойған басты талабы – "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясын жабуға қатысты Алматы қаласының ауданаралық экономикалық сотының таяуда шығарған үкімін өзгерту, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" халықтық партиясының жетекшісі Ғалымжан Жақияновты түрмеден босату және билікті демократиялық реформаларға иліктіру мәселесі болған.
«Central Asia Monitor» басылымына берген сұхбатында «Қазақстандағы демократиялық күштерді үйлестіру» кеңесінің төрағасы Жармахан Тұяқбай «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы жабылса, оның көптеген мүшелерінің «Ақ жол» партиясының қатарын толықтыратындығын мәлімдепті.