Кондолиза Райс: Иран мәселесін дипломатиялық жолмен шешеміз

АҚШ-ң мемлекттік хатшысы Кондолиза Райс үкімет Иранның ядролық мақсаттан бас тартуына дипломатиялық күшпен әсер еткісі келеді деген. Бұл ретте Иранға шабуыл жасау жоспары бар ма деген сұраққа Мемлекеттік хатшы мұндай мәселе әзір күн тәртібінде тұрған жоқ деп жауап берді: -Иранның ядролық қару жөніндегі келешегі тұрақсыздықты тереңдетеді. Бұл Иранның көршілерін, бұл алемді тұрақсыздандырады. Міне сондықтан мен дәл қазір Иранға ядролық қару жолын түсу мүмкіндігін бермеу тұрғысында халықаралық келісім қажет деймін. Вашингтон Тегеран ядролық қару бағдарламасын құпия түрде дамытуда деген айыпты біраз уақыттан бері айтып келеді. Иран болса бұл айыптауларды жоққа шағарады.