Кондолиза Райс- АҚШ-ң мемлекеттік хатшысы лауазымындағы өзінің бірінші ресми сапарын бастап, Лондонда Британияның премьер-министрі Тони Блэрмен кездесті және ол Ирақ мәселесінде қолдау көрсеткені үшін Британияға алғыс айтты.
Райс өзінің британиялық әріптесі Джек Стромен бірлесіп өткізген баспасөз-мәслихатында АҚШ үшін Британиядан асқан дос та, одан өткен одақтас та жоқ деп атап көрсетті.
Британия 2003 жылдың басында көптеген мемлекеттердің сынағанына қарамастан, АҚШ-ң Ираққа басып кіруін қолдаған болатын.
Райс сондай-ақ Иранның ядролық қаруы жөніндегі АҚШ мәлімдемесін шешу үшін көптеген дипломатиялық күш-жігер қолданылады, бұл тұрғыда Британиямен ойымыз бір жерден шығады деп атап көрсеткен.
-Біз Иран азаматтық мақсаттағы ядролық бағдарлама сылтауын жамылмауы керек деп бұл ретте бір-бірімізбен толықтай келісеміз. Мұндай көзқарасқа Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім мүмкіндік береді, оған мүшелік сол талап үдесінен шығуды қажет етеді,-дейді. АҚШ мемелекттік хашысы бүгін кешке қарай Берлинде Неміс канцлері Герхард Шредермен кездеседі.
АҚШ-ң жаңа мемлекттік хатшысы бір аптаға созылатын бұл алғашқы ресми сапарында Польша мен Түркияда, Израилда және Батыс жағалауда, Италия мен Франция, Бельгия мен Люксембургта болады. АҚШ ресмилері Кондолиза Райстың кездесулері барысында тероризм, ядролық қару таратпау және Таяу шығыс мәселелері сөз болады, сондай-ақ ақпанның 21-25-не жоспарланып отырған Дж. буштың Европа сапарының әзірлік мәселелері де талқыланады дейді.